Сыйланған сыйлықтар дүкені ашылды

Ресейдің Пермь қаласында керексіз қалған сыйлықтарды өткізуге болатын дүкен ашылды, - деп хабарлайды Mash Телеграм-каналы.

Алматы, NEGE. Сыйлықтар сөреде тұрып, шаң-тозаң бола бастағанда осындай дүкен ашу идеясы келген, мұндай заттар дүкен иелерінің достарынан да табылған. Сол себепті ерекше дүкеннің иелері сауда орталығын ашып, басқаларға да көмектесті. 

"Өз бағаңызды қоясыз, дүкенде ол бағаның үстіне сәл қосады, себебі салық төлеу керек. Біз мемлекетті де, өзімізді де сыйлаймыз, сондықтан мұны қажетті сыйлықтар ретінде сатамыз", – дейді дүкеннің PR-директоры Василий Кучумов.

Тамақ, техника және киім-кешектен басқасының барлығы қабылданады. 

"Біз достарымызбен осы мәселені талқылап алдық, оларға осындай сыйлықтар апаратын болдық, олар қарсы болмады. Біздің идеяны қолдайтындар көп, олар өздерімен көптеген сыйлық әкеліп жатыр", – дейді Марина Чарушина есімді сатып алушы.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен