Сиднейде казиноны алдауға тырысқан қазақстандық жұп ұсталды

Қазақстандык ерлі-зайыпты Сиднейдегі казиноны 1,18 миллион доллар көлемінде алдады деген күдікпен тергеліп жатыр, – деп хабарлайды The Guardian.

Pixabay.com

Астана, NEGE. 36 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адам қаржылай пайдаға заңсыз қол жеткізді деген күдікпен ұсталған. Басылым дерегіне сенсек, жұп Микки Маус суреті бар жейдеге тігілген өте кішкентай камераны және құлаққапты қолданған.

Қазан мен қараша айларында олар казиноға бірнеше рет барып, жалпы сомасы 1,18 миллион доллар ұтқан. Бұл жағдай казино қызметкерлерінің күдігін тудырған.

Полиция Сиднейдегі Кент көшесіндегі олардың пәтерін тінтіп, қосымша ойын құрылғыларын, әшекей бұйымдарын және 2000 еуроны тапқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты