Сиднейде төрт метрлік ақ акула сүңгуірді жазым етті

Британиялық Саймон Неллист Австралияда акуланың шабуылынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы. NEGE. 35 жастағы ер адам сәрсенбі, 16 ақпанда қайтыс болды. ол Сиднейдегі Кіші шығанақ маңындағы Бьючан-Пойнттан бірнеше метр жерде жүзіп келе жатқанда, оған төрт метрлік акула шабуыл жасаған. Дайвинг нұсқаушысы суға түсуге дайындалып жатқан. «Симон жұмсақ, мейірімді және тамаша адам болды. Ол сүйікті жар, ағас және дос болды», – деп атап өтті туыстары. Олардың айтуынша, акула сүңгуірдің денесін бөлшектеп тастаған. Марқұмның туысы Джеки Сигер түсіндіргендей, Нелист әрқашан теңізді жақсы көрген. «Ол жабайы табиғат пен әлемді жақсы көрді. Оның табиғатқа деген шынайы сүйіспеншілігі болды. Ол өмірді жақсы көретін өте мейірімді және қамқор адам еді», –деп қосты ол.

Бұл Сиднейде 1963 жылдан бері 60 жыл ішінде акулалардың өлімге әкелген алғашқы шабуылы екен.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр