27 октября 2022 г. 16:18
Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды
СҚО-да Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының полициясына Kia Sorento жол талғамайтын көлігін мінген бейтаныс адамдардың Жалтыр көлі маңында жануарлардың етін мүшелеп жатқаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті. Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы төрт ер адамды ұстады.
Анықталғандай, ұсталғандар екі сібір елігін атып алған. Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан екі пышақ, Вепрь маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық, патрондар тәркіледі.