Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінде

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық департаменттердің бірінің басшысына және оған бағынысты қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Антикор

Алматы, NEGE. Департамент басшысы орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, айыпталушылар жалған жұмыспен қамтылған қызметкерлердің шоттарына жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жалақы, сыйлықақы және іссапар шығыстарын негізсіз аудару арқылы адамдар тобында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Айыпталушылар сотқа тартылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады