Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «СҚ-Фармация» қоймасын тексерді

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сақталатын «СҚ-Фармация» логистикалық хабына мониторинг жүргізді.

Алматы, NEGE. Елордалық бірыңғай дистрибьютор 85 мемлекеттік медициналық ұйымды дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етеді. Қойманың жалпы аумағы 6,5 мың шаршы метрді құрайды, онда дәрі-дәрмекті сақтауға қажетті мұздатқыш камералары, бөлінген аймақтар, белгілі бір температуралық режим сынды барлық жағдай қамтылған.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы Бірыңғай дистрибьютор арқылы Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласындағы 85 медициналық ұйым қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 5 республикалық клиника мен 80 қалалық маңызы бар медициналық ұйым бар. Бізде дәрі-дәрмек бір жылдан екі жылға дейін сақталады. Шілде айында ведомствоаралық комиссияның қаулысы бойынша 44 атаудан тұратын дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын құру туралы тапсырма берілді. Желтоқсан айында Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен, үш дәрілік зат бір препаратқа ауыстырылды, бір препарат – «Ремедисивир» коронавирусты емдеу протоколынан шығарылды. Сол себепті, қазір 44 атаудың 40-ы сақталуда. Дәрілер бойынша тапшылық жоқ. Мұнда екі айлық дәрі-дәрмектер қоры құрылған», – деді «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарушы директоры Аймұарт Салиев елордалық хабта өткен мониторингте.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты