13 марта 2022 г. 20:20

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды

Фото:

«Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды», – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.  

Алматы, NEGE. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Антикор хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті.

«Тергеу жүріп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – деді ведомство өкілдері.

Тегтер: