13 февраля 2026 г. 14:46

Швейцарияда халық санын шектейтін референдум өтеді

Фото: pixabay.com

Швейцария үкіметі осы жазда ел халқының санын 10 миллионға дейін шектеу туралы шешім қабылдауға арналған референдум өтетінін мәлімдеді.

Астана, NEGE. Бұл бастаманы Швейцария халық партиясы көтерді, деп хабарлайды Euronews.

Ұсынысты 14 маусымда жалпыхалықтық дауысқа салу үшін жарияланған петицияға жеткілікті қол жиналған.

Референдум өткен жағдайда, 2050 жылға қарай Швейцарияның тұрақты тұрғындарының, соның ішінде ел азаматтарының да, елдегі шетелдіктердің де саны 10 миллион адамнан аспауы керек деген норма заң жүзінде бекітіледі.

Соңғы деректер бойынша, бүгінде Швейцария халқының саны 9,1 миллион адамға жеткен.

Халық санын шектеу идеясын қолдаушылардың айтуынша, бұл бастама қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды, инфрақұрылымды және әлеуметтік қолдау жүйесін қорғауға көмектеседі.

Алайда сыншылар «көші-қон мен адамдардың еркін қозғалысын шектеу қолданыстағы халықаралық міндеттемелерді бұзуы мүмкін» деп есептейді.

Олар Швейцария ауруханаларда, қонақүйлерде, құрылыс саласында және университеттерде көбіне шетелдік жұмысшылардың қызметіне жүгінетінін алға тартады.