Швецияның НАТО құрамына ресми түрде қосылатын күні белгілі болды

11 наурызда Швеция Солтүстік Атлантикалық альянсқа НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде ресми түрде қосылады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 11 наурызда НАТО штаб-пәтерінде Швеция туы көтеріледі.

Швед баспасөзінің хабарлауынша, 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі (Бельгия) штаб-пәтерінде Швецияның альянсқа қабылдауының ресми рәсімі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Швеция НАТО-ның құрамына кіруге 2022 жылдың 18 мамырында өтініш білдірген болатын.

Венгрияның Ұлттық жиналысы 26 ақпанда Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр