Швецияда тыңшылық жасады деген күдікпен ресейлік эмигранттар қамауға алынды

Олардың бірі «Швецияға және шетелдік державаға қарсы барлау қызметі» үшін күдікке ілінсе, екіншісіне көмектесті деген айып тағылды, деп жазады Dagens Nyheter құжаттарына сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Швецияда 2013 жылдан бері тыңшылық жасады деген күдікпен екі адам қамауға алынды. Әңгіме1990 жылдардың соңында Ресейден Швецияға көшкен ерлі-зайыптылар туралы болып отыр.

Ерлі-зайыптылардың импорттық-экспорттық бизнеспен, соның ішінде электронды компоненттер мен өнеркәсіптік технологиялармен айналысқаны белгілі. Дереккөздің айтуынша, ер адам компанияны заңсыз барлау қызметі үшін база ретінде пайдаланған. 

Швецияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі күдіктілер туралы толық мәліметтерді айтудан бас тартты.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті