Швецияда ұшақ көлге құлады

Швецияның Нортелье қаласына жақын орналасқан Лиммарен көлінде оқу-жаттығу рейсін орындап жүрген шағын жеке ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады АЗЕРТАДЖ. 

Азертадж

Алматы, NEGE. Ұшақ ерікті авиациялық корпустың ұшуына қатысқан.

Әуе кемесі су астынан, Рослаген аэродромының маңынан табылды — дәл сол жерде ол қонуы тиіс болған. Ұшақ бортында екі адам болған. Олардың бірі ұшақ ішінен табылып, оны шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші адамның қайда екені белгісіз — оны іздестіру жалғасуда.

Оқиға орнында ауқымды құтқару операциясы жүріп жатыр. Жұмысқа полиция, өрт сөндіру-құтқару қызметі, сүңгуірлер мен теңіз құтқару қызметі жұмылдырылған.

Аймақтық ерікті авиациялық корпус басшысы Пер Винбергтің айтуынша, апат оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған. Ол ұшуға бірнеше ұшақ қатысқан. Апаттың нақты себептері әзірге белгісіз.

Куәгерлердің айтуынша, құлар алдында ұшақ аэродром үстінде бірнеше рет айналып ұшқан.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?