Швеция вакцинадан неге бас тартты?

Швецияның Денсаулық сақтау басқармасы AstraZeneca британ-швед компаниясының препаратымен вакциналауды тоқтатты.

Алматы, NEGE. Себебі осы препарат егілгендерде тромб пайда болған. Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) тексеруі аяқталғанға дейін вакцина қолданылмайды.

«AstraZeneca препаратымен вакциналау EMA тексеруіне дейін сақтық шарасы ретінде тоқтатылды» – деп көрсетілген денсаулық сақтау басқармасында.

«Шешім бұл сақтық шарасы болып отыр. Вакцина көпшілікке белгілі, бірақ агенттік бұл оқиғалардың вакцинациямен байланысы бар-жоғын анықтағанға дейін вакцинаны тоқтата тұру керек», – делінген мемлекеттік эпидемиолог Андерс Тегнель хабарламасында.

Швецияда екпе алғандардың арасында қан ұю жағдайлары туралы әзірге хабарланған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті