Швейцарияға соңғы 45 жылда ең ірі дағдарыс төніп тұр

Швейцарияда карантин тәртібі жеңілдетіле басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Алғаш болып шаштараздар, шаруашылық дүкендері, бағбандарға арналған сауда орындары және косметикалық салондар ашылды.

Алматы, NEGE. 11-інші мамырда базарлар, мектептер мен өзге дүкендер жұмысын бастайды. Ал 8 маусымнан бастап үкімет кәсіби оқу орындары мен университтерді ашпақ. Швейцария экономикасына соңғы 45 жылда ең ірі дағдарыс төніп тұр. Карантиннің салдарынан қызмет көрсету саласындағы көптеген компания күйреу алдында тұр. Мейрамханалар мамыр айына дейін жабық болады.

Ал сала өкілдерінің есебінше, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының үштен бір бөлігі осы мерзімге дейін жете алмайтын сыңайлы. Сегіз жарым миллион халқы бар Швейцарияда коронавируспен 29 мыңнан астам адам ауырып қалды. 1 мың 640 адам ажал құшты. Дегенмен соңғы бір айда бұл дерттен қайтыс болғандардың саны азайып келеді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді