Швейцария Қазақстанды карантин елдері тізімінен шығарды

Швейцарияның федералды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірқатар елді карантин тізімінен шығарды. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Швейцария 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап осындай шешім қабылдап отыр. Бұған дейін белгілі бір мемлекеттер мен аймақтардан келген азаматтарды ондағы билік карантинге жатқызатын. Осылайша Швейцария карантин тізімінен 55 мемлекетті алып тастады. Қазақстанмен қатар ол тізімде Бразилия, Украина, Чили, Боливия мен тағы бірқатар ел бар. Мемлекеттердің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Қазір оқып жатыр

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді