Швейцария Храпуновтың баласына азаматтық бермей қойды
Швейцария үкіметі Ілияс Храпуновқа азаматтық беруден бас тартты. Бұл туралы Швейцарияның федеральды әкімшілік соты хабарлаған.
Алматы. NEGE. Бұған жалғасып жатқан сот процестері түрткі болған. Сот Швейцарияда Храпуновтар отбасының үстінен «ақша жылыстау» айыбы бойынша іс қаралып жатқанын ескерген. Оның үстіне, АҚШ, Ұлыбритания елдерінде де Қазақстаннан қаржы жымқыру бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.