12 февраля 2020 г. 9:52
Швейцарияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркаларын шығарды
Швейцарияда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары шығарылды.
Алматы, NEGE. Бұл бастаманы Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі көтерген.
Дипломатиялық өкілдік маркаларды күнделікті іскерлік хат алмасу кезінде қолданады. Сонымен қатар Швейцарияға тарату жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Швейцарияның поштасы мен пошта маркалары елдің басты брендтері саналады. SwissPost маркалары коллекционерлер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 млрд хатқа дейін жетеді.