Шухрат Ибрагимов Еуразиялық қаржы компаниясының өзге акционерлеріне қарсы сотта жеңді

Forbes.kz мәліметінше, сот Патох Шодиевтің Еуразиялық қаржы компаниясының директорлар кеңесінің шешімдерін жарамсыз деп тану жөніндегі талап арызын толық көлемде қанағаттандырмады.

kapital.kz

Алматы, NEGE. Бұл шешім Шухрат Ибрагимовтың пайдасына қабылданды.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Еуразиялық қаржы компаниясына» банктер және банк қызметі туралы заңның 45-1 және 46-баптарына сәйкес нұсқама берген болатын.

Құжат депозит иелерінің, кредиторлардың және клиенттердің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ компанияның қаржылық жағдайын жақсартуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған қадағалау шараларын қамтиды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады