Шұғыл! Митинг. Фоторепортаж
Алматыдағы тәуелсіздік алаңында Жанболат Мамай бастаған белсенділер тобы митингке шықты. Биліктің саясатына қарсылық білдіріп, елде өтіп жатқан сайлауға байкот жариялады.
Мамайды жақтастарымен бірге арнайы жасақ қоршауға алған. Қоршауға ешкімді кіргізбейді, ешкімді шығармайды. Қоршау сыртында өздерін «Адам және қоғам» атты қоғамдық белсенді топтың мүшелеріміз деп таныстырғандар Мамайға қарата «Жанболат Мамай – қара бет» деп айқай салуда.
Тәуелсіздік алаңындағы митинг екі топ арасындағы жанжалға ұласып, бірнеше сағаттан бері сөзбен тартыс өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында арнайы жасақ тобы бірнеше рет ауысып, ондаған адамды полиция ұстап әкетті.
Онан өзге алаңда желтоқсаншылар, азаматтық ойын білдіруге келген белсенділер бар.
Алматыдағы Абай және Сатпаев көшелерінің бойында, алаң маңайында интернет желісі өшірілген. Митинг өтіп жатқан жерде интернет өшірітен арнайы көліктер тұр.
Ал, Тәуелсіздік монументі уақытша жөндеу жұмыстарына жабылған. Құрылыс жүріп жатыр.