Шұғыл! Коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус жұқтырғандардың жаңа дерегін жария етті.

Алматы, NEGE. Министрліктің ресми өкілінің хабарлауынша, Алматыда тағы 4 адамнан, ал Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус анықталған. "Осымен жалпы саны 32 адам болды. Алматыда – 15, Нұр-Сұлтанда – 17 адам" деді.

19-наурыз 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында карантин жарияланады.