9 марта 2026 г. 13:23

Щучинскіде дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Фото: ТЖМ

Щучинскідегі «Центр плова» дәмханасындағы жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Алматы, NEGE. Басқарманың мәліметінше, 8 наурыз «Авиценна-Бурабай» ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан бір пациент, ал 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан тағы бір науқас қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда Щучинскідегі «Центр плова» мейрамханасында жарылыс болды. 2 наурызда кафе иесі ұсталып, 4 наурызда ол екі айға қамауға алынды. Алдын ала болжам бойынша, жарылыс тұрмыстық газ баллондарын дұрыс қолданбаудан болған.

Жарылыстан кейін Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігіне және әкімдіктерге өрт қауіпсіздігін күшейтуді, газ қызметтерінің жұмысын бақылауды, профилактикалық рейдтер өткізуді және халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды.