21 июля 2022 г. 9:49

Шри-Ланкадағы дағдарыстан шай қымбаттауы мүмкін

Фото:

Алдағы уақытта әлемде шай өндірісі 30 процентке қысқарып, тиісінше оның бағасы қымбаттауы мүмкін.

Алматы, NEGE. Бұған Шри-Ланкадағы экономикалық және саяси дағдарыс себеп. Жергілікті сарапшылар осылай деп ескертіп отыр. Қазір арал мемлекет өз тарихында болмаған күрделі дағдарысты бастан кешіп жатыр. Азық-түлік қымбаттап, жанармай тапшылығы ушыққан. Елде шай өнеркәсібінде 2 миллиондай адам еңбек етеді. Солар қазір аптасына 3-4 күн ғана жұмыс істейді. Қалған уақытта жанармайға кезекте тұруға мәжбүр.

Ол аздай тыңайтқыш та қымбаттап кеткен. Айта кеткен жөн, Шри-Ланка әлемде шай экспорттау бойынша Кения және Қытаймен бірге алғашқы үштікке кіреді. Оның жаһандық нарықтағы үлесі 20 проценттен асады.

Тегтер: