Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Бандаранаике халықаралық әуежайы аумағында Таиландтан келген 22 монах 110 келіден астам каннабиспен ұсталды. BBC мәліметінше, күдіктілер 25 сәуірде қолға түскен. 

Pixabay.com

Астана, NEGE. Құқық қорғау органдары жолаушылардың жүгін тексеру кезінде арнайы жасырылған орындардан шамамен 112 келі есірткі затын анықтаған. Тәркіленген тауардың қара нарықтағы құны 3,5 млн доллар шамасында.

Алдын ала деректерге сәйкес, заңсыз тасымалды үш монах ұйымдастырған. Олар әлеуметтік желілер арқылы тағы 19 адамды тартып, топты Таиландқа 22 сәуірде жіберген. Күдіктілердің басым бөлігі – жасы 30-ға толмаған, жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жас монахтар.

Тергеу барысында олардың телефондарынан діни киімсіз жүрген сәттері түсірілген фото-видеолар табылған. Бұл олардың тұрақты түрде діни қызметпен айналыспағанын меңзейді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жас монахтарға жүктің ішінде «оқу құралдары мен тәттілер» бар екенін айтып, тегін әуе билеті, тұру және тамақ ұсынғаны анықталған.

Тінту кезінде әрбір сөмкеден орта есеппен 5 келі есірткі шыққан. Құқық қорғаушылар бұл топтың бұған дейін де ұқсас схема арқылы 12 монахты пайдаланып операция жүргізгенін және алдағы уақытта тағы бір сапар ұйымдастыруды жоспарлағанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?