Шпекбаевтың кеткені рас па?

Әлеуметтік желіде Жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаевтың орнынан кеткені туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты Жемқорлыққа қарсы қызмет түсініктеме берді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ақпарат Ербол Еділовтің Telegram-каналында жарияланған болатын. Онда «Алик Шпекбаев зейнетке шығуына байланысты қызметінен кету туралы өтініш түсірген. Отставкаға кету туралы шешімді Мемлекет басшысының өзі шешетін болады» делінген автор жазбасында.

Ал агенттік бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

 Алик Шпекбаев 2019 жылдан бері Жемқорлыққа қарсы қызметті басқарып келеді. 2017 жылдың желтоқсанынан Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы болды. Ол биыл 4 шілдеде 63 жасқа толады.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі