Шпекбаев «СҚ-Фармацияның» жаңа басшылығына сенім білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «СҚ-Фармация» компаниясының жаңа басшылығын барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға шақырды.

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желілерді мұқият қадағалайтын кез-келген адам сыбайлас жемқорлық, бюрократия мен жауапсыздық коронавируспен байланысты жағдайдың ушығуының басты себептерінің бірі деп санайтындығымен келіседі. Мұнысы өте дұрыс, әсіресе «СК-Фармация», медициналық сақтандыру қорының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалып жатқанда, бұл айқын білінеді», - деді ол жарты жылдықты қорытындылаған агенттіктің алқалы жиынында.

Ол сырттан мамандар тарта отырып, «СК-Фармация» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тез арада талдау жүргізілуі керек деп атап өтті.

«Біздің талдауымыздың сапасы болашақта бұл ұйымның қаншалықты тиімді және заңға бағынышты екенін анықтайды. Бірыңғай дистрибьютордың жаңа басшылығы біз сияқты бұл мәселе баса назар аударып, алда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі барлық ұсыныстарды орындайды деп сенемін», - деп сөзін түйіндеді Шпекбаев.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты