Шпагашылар Дохадағы гран-при турнирінде бақ сынап жатыр

Катар астанасы Дохада шпагамен семсерлесуден жылдың алғашқы Гран-при турнирі өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 29-31 қаңтар аралығына жоспарланған жарыс Париж Олимпиадасы қарсаңындағы рейтингілік бәсеке саналады.

Аталған турнирде Қазақстан сапынан Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай бастаған спортшылар қатысуда.

Гран-при турнирінде 58 елден келген 577 спортшы жүлдеге таласады.