Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қорғады.

Ширек финалда біздің семсерлесушілер Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Семсерлесу барысында ұлттық құрама есе жіберіп жатса да, керемет камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жетті.

Қыздар құрамасы төртінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева өнер көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ