Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионы атанды

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионы атанды. Олар жарыс финалында Олимпиада чемпионы саналатын Жапония құрамасын тізе бүктірді.

Сондай-ақ, турнир барысында Катар, Қырғызстан, Гонконг құрамаларынан басым түсті.

Шпагадан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Аталған төрттік Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті