Шошқаның жүрегін салдырған адам қайтыс болды

Жүректің айықпас дертіне шалдыққан америкалық ер адам өзіне шошқа жүрегін салуға келісім берген.

Алматы, NEGE. 58 жастағы науқас Лоуренс Фосет шошқа жүрегін салуға келесім берген әлемдегі екінші адам. Бірінші оқиға да өліммен аяқталған болатын. 

Науқас медициналық орталыққа 14 қыркүйекте жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен түсті. Бастапқы кезде-ақ дәрігерлер оған дәстүрлі трансплантациялау әдістерімен ота жасауға болмайтынын мойындаған. Алайда 15 қыркүйекте АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы науқастың өмірін ұзартуға көмектесетін операцияға шұғыл түрде рұқсат берді. 

Ағза доноры болған жануар ондаған генетикалық модификациядан өткен. 

Университет науқастың жүрегі трансплантациялаудан соң бірінші айда өте жақсы жұмыс істегенін атап өтті. Кейін ол физиотерапиядан өтіп, қайтадан жүруді үйренуге тырысты. Дәрігерлердің талпынысына қарамастан, ер адам 30 қазанда қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті