Шорт-тректен ерлер командасы ширек финалға өтті

Шорт-тректен Қазақтанның ерлер командасы 500 метрге жарысудан Олимпиаданың іріктеу айналымына қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы. NEGE. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов және Абзал Әжіғалиев қорғаған болатын. Іріктеу қорытындысы бойынша үш спортшы да ширек финалға жолдама алды. 

Ғалиахметов өз тобында екінші орынға табан тіресе, Никиша мен Әжіғалиев бірінші орыннан көрінді. Осылайша, қазақстандық спортшылар автоматты түрде келесі кезеңге өтті. 

Айта кетелік, ширек финал, жартылай финал және финалдық кезеңдер 13 ақпанға жоспарланған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр