Шорт-тректен екі спортшы ширек финалға шықты

Жапонияда шорт-тректен әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.

Алматы, NEGE.    Нагоеде (Жапония) шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының спортшылары Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев ширек финалға жолдама алды. Олар ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша іріктеу сынынан іркілмеді. 

Денис Никиша жетінші болса, Абзал Әжіғалиев өз кезегінде екінші болды.

Жоспар бойынша ширек финал 30 қазан күні өтеді.