Шорт-трекші Ольга Тихонова Олимпиаданың шиек финалында сынға түсті

Бүгін шорт-тректен 1500 метр қашықтықта әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Астана. NEGE Аталған бәсекеге Қазақстан атынан Ольга Тихонова қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Олимпиаданың ширек финалында сынға түскен Ольга Тихонова жарыс ережесін бұзғаны үшін пенальти алып, Бейжің ойындарын аяқтады. 

Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан командасының ең үздік нәтижесін Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол 500 метрге жүгіруден А финалында сынға түсіп, төртінші орын иеленді.