Шорнақ ауылының маңында 80-нен аса адам ұсталды
Түркістан облысындағы Шорнақ аулына жақын жерде 80-нен астам адам ұсталды. Бұл туралы Facebook-те аймақ әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жазды.
Алматы, NEGE. "Өткен түнде құқық қорғау органдары Шорнақ аулының маңында басқа аудандар мен аймақтардан келген 80-нен астам жігітті ұстады. Олар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған жалған шақыртулардан соң келген. Түні бойы Кентау әкімімен бірге елді мекенді аралап шықтық. Тұрғындар үйлерінде тыныш ұйықтап жатты", - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Түркістан облысының Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындаған болатын.