Шөп шапқаны үшін қамауға алынды

Түркістан облысының тұрғындары Шу ауданында есірткі жинау барысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Aлматы, NEGE. 5 шілдеде “Қарасора – 2020” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Шу қаласына 100 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта есірткі затын жинау кезінде екі адам құрықталды. Олар: 61 және 45 жастағы Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғындары. 106 келіге жуық мариxуана есірткі заты жинау барысында анықталса, 12 келіден астам мариxуана күдіктінің біріне тиесілі “ВАЗ-2107” маркалы, мемлекеттік нөмірі Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктен табылып, жалпы салмағы – 118 келі 780 гр. мариxуана тәркіленді. Сонымен қатар, олардан жабайы шөпті оруға арналған құрал тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды