Шонжыдағы цехта алапат жарылыс болды

Алматы облысында цехта жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «2020 жылғы 29 қазанда сағат 11.31-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандықтың жарылғаны және ішінара шатырдың құлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында өрт болған жоқ», - деді ол. Ресми өкілдің айтуынша, апатты жағдайдың салдарынан 1983 жылы туған бір жұмысшы қайтыс болды. Ал 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

«Цехтың ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Апат орнының көлемі - 25 шаршы метр. Цехтың төбесі шатыр түрінде жасалған, бір қабатты, профильді жабындымен жабылған, қабырғалары сплитерлік блок. Алдын ала болжам бойынша апатты жағдай өндіріс технологиясының бұзылуы салдарынан орын алған», - деді Талғат Уәли.

Қазір оқып жатыр

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Жанабыловтар прокурормен келісімге келуге өтініш білдірді