Шонжыда қираған кешеннің себебі әлі белгісіз
Алматы облысының Шонжы ауылында 1 миллиард теңгеге салынып жатқан спорт кешенінің қирау себебі әлі күнге анықталмай келеді.
Алматы, NEGE. Бір айдан астам уақыт өтсе де мердігер компания құрылыс жұмыстарын ештеңе болмағандай жалғастырып жатыр. 21 қыркүйек күні аталған ғимараттың үшінші блогының төбесі опырылып, ортасына түскен еді. Құрылыс алаңындағы оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Алматы облыстық әкімдігі іле-шала арнайы комиссия құрылып, оның құрамына мықты сарапшылар енгенін және тексеру жұмыстары басталып кеткенін мәлімдеген еді. Бірақ қорытындысы әлі шықпаған. Облыстық құрылыс департаментінің мәлімдеуінше, тексеру нәтижесі алдағы айда белгілі болады. Ал дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысына жауапты компания өкілдері «аталған нысанды мерзімінде халық игілігіне тапсырамыз» деп отыр.
Усаске басшысы:Бауыржан Ысқақов: "Қазіргі өтіп жатқан жұмыстар абаттандыру және ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір адам саны 55 адам істеп жатыр, 5 техника, ары қарай жұмыстарды жалғастыра береміз деп ойлаймыз. Қазір Қазақ ұлттық геология институты тексеріп жатыр оны. Солардың шешімінен кейін жағдай белгілі болады" деді.
Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары: "Комиссияның қорытындысына сәйкес, КазНИИССА арнайы ұйымы, дәл сол ненің себептерін, салдарын зерттеп жатыр. Алдын ала жоспар бойынша келесі осы қараша айының 9, 10-жұлдызында бұйырса, жауап қорытындысы шығады. Сол қорытындысының негізінде қандай шаралар қабылданатыны белгілі болады" дейді.