Шон Коннери қайтыс болды 

90 жасында британиялық актер Шон Коннери қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Ғұмырының 50 жылын кино саласына арнаған өнер иесін көпшілік Джеймс Бонд ретінде таниды. 70-тен аса фильмге түскен актер осыдан 17 жыл бұрын үлкен экраннан кеткен еді. Голливуд аңызына айналған тұлға 1988 жылы «Оскар» сыйлығын алды. Екі рет Британия кино академиясы және телевизиялық өнер сыйлығын иеленді. Сонымен қатар үш мәрте «Алтын глобусты» еншілеген талант ретінде көпке белгілі. Шон Коннери обыр дертімен күресіп келген. Жүрегі де сыр берген. Бірақ актердің нақты неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.  

Қазір оқып жатыр

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады