5 октября 2023 г. 18:36
Шолпан-Атада қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаев жерленді
Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті Бішкекте «Коля қырғыз» лақап атпен танымал қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаев арнайы операция кезінде қаза тапқанын хабарлаған болатын.
Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, Қамшы Көлбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің талаптарын елемей, қарулы қарсылық көрсеткен. Қарсылыққа жауап ретінде арнайы жасақ сарбаздары оқ атқан.
Атыс кезінде қылмыс әлемінің серкесі қаза тапты.
Бүгін Қамшы Көлбаевтың денесі жер қойнына тапсырылды. Шолпан-Атада өткен жерлеу рәсіміне жүздеген адам келген.