Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Шахмұрат Мүтәліптің иелігіндегі Nature Energy Solutions Ltd компаниясы ERG акцияларының 39,3 пайызын сатып алды.

erg.kz

Астана, NEGE. Бұған дейін бұл үлестер Патох Шодиев пен Александр Машкевичтің мұрагерлеріне тиесілі болған. Атап айтқанда, Шодиевтің үлесі – 18,6 пайыз, ал Машкевич мұрагерлерінің үлесі – 20,7 пайыз.

ERG мәліметінше, топқа кіретін барлық кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Компаниядағы өзгерістер өндірістік бағдарламалардың орындалуына, сондай-ақ қызметкерлер, серіктестер және мемлекет алдындағы міндеттемелерге әсер етпейді.

Компания бұл өзгерістер бизнестің тұрақтылығын нығайтуға, корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруға және ERG-дің ұзақмерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды