Шілдеде Қазақстанның кей өңірінде күн +50 градус ыстық болады деп болжанды
Шілде – Қазақстанда жылдың ең ыстық айы. Жекелеген күндері аптап ыстық күшейіп, солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47...+48 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде «Қазгидромет» синоптиктерінің 2026 жылдың шілде айына арналған алдын-ала ауа райы болжамында айтылған.
Болжамға сәйкес, елдің солтүстігі мен шығысында ауаның орташа температурасы 18... 23 градус шамасында болса, оңтүстікте 28... 30 градус болады.
«Аптап ыстыққа қарамастан, шілде айында қысқа уақытқа салқындауы да ықтимал. Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде 5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін», – деп ескертеді мамандар.
Ал Қазақстанның солтүстігінде шілде айында жауын-шашынды жиі жауады деп болжанып отыр. Бұл өңірде найзағай ойнап, ал кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда бір тәуліктің ішінде айлық жауын-шашын мөлшерінен де көп түсуі ықтимал.
Синоптиктердің хабарлауынша, найзағай көбіне елдің солтүстік, шығыс және таулы өңірлерінде күтіледі. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.