22 июня 2023 г. 17:16
ШҚО-ның Шемонаиха қаласында жарылыс болды
Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты.
Алматы, NEGE. Өрттен 5 бірлік техника жойылды.
Өрт сағат 14:44-те өрт оқшауланды.
Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.
Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Өртті 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам сөндіріп жатыр.