ШҚО–да жылу қазандығы жарылып, бір адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданында қоғамдық моншада жылу қазандығы жарылып, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлады  ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

.

Алматы, NEGE. Департамент дерегінше, оқиға осы айдың 14-і күні Зайсан қаласының Боқажанов көшесінде болған.

Қоғамдық моншада қатты отынмен жұмыс істейтін жылу қазандығы жарылған.

«Жедел жәрдем екі ер адамды медициналық мекемеге жеткізді. Қазандық жарылған мезетте монша ішінде адамдар болмаған. ТЖД қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты тазалап жатыр», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады