ШҚО-да жаңа туған сәби қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы ауруханада жаңа туған сәби қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті растап, сәбидің өліміне қатысты соталды тергеу басталғанын хабарлады.

"4 қарашада Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімі "Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК қызметкерлеріне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады", - делінген ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.