ШҚО-да шыққан дала өрті 2 күннен соң ауыздықталды

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында шыққан дала өрті 2 күннен соң сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 тамызда Малиногорск ауылында шөп өртенген. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен орманшылар қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті.

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 40 шаршы метрге жетті. Өртке оранған орман аумағы 4,2 гектарды құраған. Бүгін сағат 07.25 шамасында от толықтай сөндірілді. Өртпен күреске жеке құрамнан 151 адам мен 18 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді