ШҚО-да порнографиялық сайттар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Anti-fraud» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Anti-fraud» шарасының мақсаты – ақпараттық технологияны қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу. Екі күн ішінде тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 11 қылмысты ашты.

«Сондай-ақ бұрын жасалған 30 қылмыстық іс аяқталды. Интернетте жасалған мониторинг жұмыстары нәтижесінде 20 порнографиялық сайт анықталған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Осы ретте, департамент өкілдері тұрғындарға барынша абай болып, бейтаныс адамдарға ақша аудармай, өз банк картаңыздың деректерін ешкімге жібермеу қажеттігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды