ШҚО-да індет басталғалы бері коронавирустан 80-нен астам адам көз жұмған
Шығыс Қазақстан облысында пандемия басталғалы бері коронавирус 80-нен астам адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды «Хабар 24». Айта кету керек, бұл облыс еліміздегі карантин тәртібін қатаң ұстанған әрі соны жауапкершілікпен атқарған аймақ ретінде танылды.
Алматы, NEGE. Алайда, сәл босаңсыған талаптың салдары қазір оңай болып тұрған жоқ. Жалпы еліміздің шығысында коронавирус инфекциясы тіркелгелі бері қандай жұмыстар атқарылды, олар несімен ерекшеленді және қандай нәтиже берді.
COVID-19 диагнозы дәл қазір облыста 3 мыңға жуық адамға қойылды. Әр тәулік сайын тіпті 200 адамнан тест қорытындысы оң нәтиже беріп жатыр. Арасында симптомсыз да, симптомы бар да түрлері кездеседі. Сондықтан өңірде қазір сол әу бастағы қатаң карантиндік талаптар қайта қабылданды. Ептеп жеңілдеу, дегенмен қатаң.Сондықтан осы апта ортасына қарай жақсы көрсеткішітер болып қалар деген үмітте мамандар. Атап айтсақ, Семей мен Өскеменде қызыл және көк түсті рұқсатнама қағазымен жүру ережесі оралды. Қызыл, түсті қала өміріне қажетті аса маңызды қызмет бабындағылар қолданса, көк азық-түлік және медикамент тасымалын білдіреді. Ал, басқа көліктер тақ және жұп сандар тәртібімен жүріп жатыр. Жескенбіде барынша көлік қозғалысы тыйылады.
Бұл талаптың орындалуын тәртіп сақшылары қадағалауда. Карантин кезінде тыйым салынған мейрамхана тойхана сынды орындардың талапқа бағынуы да қадағаланып жатыр. Қоғамдық тамақтандыру орындары тек даладағы алаңқайда клиенттерін қабылдауы қажет. Ол да бақылауда. Ірі сауда орындары, азық-түлік емес дүкендердің басым көбі жабық. Тек бұрынғыдай қала шеттеріне блок-бекеттер қойылған жоқ. Дегенмен, ережені елемейтіндер бар. Мәселен, жалпы 4000 тексеріс жасалып, 700-ге жуық тәртіп бұзушылық анықталды. Алғаш рет бұзғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, жүйелі түрде талапқа бағынбай келе жатқандар бойынша 16 хаттама толтырылып, сотқа жіберілді.
Жуырда жедел жәрдем көлігі көбейтілмек, басшылық алдағы екі-үш айда сондай көліктің 216-сын сатып алмақ. 15 компьютерлік томография бар. 50 жасанды тыныс беруге арналған аппарат сатып алынған. Біз өзіміз осы өңірдің журналистері пандемия туралы ең алқашқы материалды 25 наурызда жасаппыз. Содан бері күн сайын бұл өзекті тақырыпты назарда ұстап келеміз. Өкінішке орай жұқпалы ауруға орай қайғылы жағдайларды да айтуға тура келді. Сондықтан осы уақыт ішінде аталған індеттен көз жұмған марқұмдардың туған-туыстарына біз де қайғыра көңіл айтамыз.