ШҚО-да орман өрті сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында орман өртенді.

Алматы, NEGE. Ведомстводан хабарлағандай, 9 шілде сағат 13.00-де Серебрянск қаласынан 10 шақырым қашықтықта, Өскемен орман шаруашылығы аумағының ағашы жоқ ашық аймағында өрт шыққан.

«Оқиға орнына орманшылар бірінші болып барған. Олар 27 гектар бұта мен құрғақ шөптің жанып жатқанын хабарлады. Өрт әрі қарай таралып кетпеу үшін Серебрянск қаласынан өрт сөндіру қызметінің қызметшілері жіберілді. Өрт кешке қарай сөндірілді», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД-дан.

Өрт сөндіруге 28 адам тартылды: 13 орманшы, 15 – өрт сөндіру қызметінің қызметшісі.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді