ШҚО-да мобильді қосымша жасалды

Шығыс Қазақстан облысында ата-анаға баласының қайда жүргенін біліп отыруға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасалды.

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да «102» мобильді қосымшасы іске қосылғандығын хабарлаған болатынбыз. Осы арқылы өңір тұрғындары қандай да бір құқық бұзушылық туралы өз арыздары мен хабарламаларын қас-қағым сәтте смартфон арқылы жолдай алады.

«Қосымша арқылы полиция қызметкерлері азаматтың тұрған жерін анықтап, жылдам әрекет етеді. Бұдан бөлек, цифрландыру аясында балалар қауіпсіздігі бойынша «Мені тап» жүйесі іске қосылды. Аталған мобильді қосымша балалардың киіміне жапсырылатын трекерлердің көмегімен олардың қайда жүргендерін қадағалауға мүмкіндік береді», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, жергілікті полиция қызметін реформалау жұмыстары жалғасуда. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың стандарттары мен сақшылардың жұмыс алгоритмі қайта қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады