ШҚО-да көктайғаққа байланысты бірнеше жол жабылды
Шығыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
ШҚО, NEGE. Ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты өңірдегі екі трасса жабылды.
«Бүгін сағат 18.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылды. Сондай-ақ облыстық маңыздағы «Семей-Қарауыл» тасжолының 4-182 шақырым аралығында да көлік қозғалысына толықтай тыйым салынған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.