ШҚО-да қауіпті учаскеде жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді
Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
ШҚО, NEGE. Жиі қар жауып, қатты жел соғуына байланысты «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» тасжолында қар көп жиналып, көшкін жүру қаупі туған.
«Сондықтан «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы тасжолдың 2 учаскесінде жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Нәтижесінде, 6700 текше метр қар түсірілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.