ШҚО-да карантин ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу ұзартылды.

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шаралар ұзартылды. «Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2021 жылғы 4 қаңтардағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын», - делінген Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында. Сонымен қатар облысаралық және халықаралық автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмыс істеуіне тыйым салынған. Сондай-ақ азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына келуіне/кетуіне тыйым салынған.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?